22 ақпан 2017 | 12:31

Назарбаев: Маған ғылыми жұмыстардағы плагиат туралы жиі жазады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Ақорданың баспасөз қызметі © Ақорданың баспасөз қызметі

Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Ұлттық ғылым академиясы жанында этика жөніндегі орган ашуды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Президенттің айтуынша, бұл орган ғылыми жұмыстарды жариялау этикасына қатысты кодекстерді ойлап шығару керек. Назарбаев бұл туралы ҚР Ұлттық ғылым академиясының жалпы жиналасы барысында айтты.


Иконка комментария блок соц сети

Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Ұлттық ғылым академиясы жанында этика жөніндегі орган ашуды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Президенттің айтуынша, бұл орган ғылыми жұмыстарды жариялау этикасына қатысты кодекстерді ойлап шығару керек. Назарбаев бұл туралы ҚР Ұлттық ғылым академиясының жалпы жиналасы барысында айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан ғылымының қалыптасуындағы Академияның еңбегін ерекше атап өтіп, еліміздің ғылыми әлеуетін "Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік" атты жолдауды іске асыруға пайдаланудың маңыздылығына назар аударды.

Сонымен бірге, Елбасы отандық басқару жүйесі мен ғылыми қызметті үйлестіруге қатысты бірнеше өзекті мәселеге тоқталды.

"Біз ғылымды орталықсыздандырдық. Көптеген бөлігін жоғары оқу орындарына бердік, алайда олардың бәрі әлі инновациялық орталықтарға айнала қойған жоқ. Қазақстанның ғалымдары өз жұмыстарын белсенді түрде патенттеуде. Бірақ олардың басым көпшілігіне сұраныс жоқ. Ғылым негізінен мемлекет есебінен қаржыландырылуда. Іс жүзінде нақты сектордан тапсырыс түспей жатыр. Сонымен қатар, ғылыми жұмыстарда плагиат жиі кездеседі", -деді Мемлекет басшысы.

Осыған орай Қазақстан Президенті отандық ғылымды дамытуға қатысты ұстанымдарды түбегейлі өзгертуді тапсырып, осы бағытта бірқатар нақты міндеттер белгіледі.

"Біз ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру туралы заң қабылдадық. Енді осы заң толыққанды қолданылуы қажет. Ғылыми-зерттеушілік қызмет нәтижелерін қазақстандық кәсіпорындардың қажеттіліктеріне бағыттайтын тетіктер енгізу керек. Біздің алдымызда импортты алмастыру және экспорттық өндірісті дамыту міндеті тұр", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Бұдан бөлек, Қазақстан Президенті академияның әлеуетін пайдалана отырып фундаменталды және гуманитарлық ғылыми жобалар сараптамасының сапасын жақсарту қажеттігін айтты.

"Ғылымды басқарудың, оны қаржыландырудың жаңа формат бойынша және уақтылы жүзеге асырылатын жаңа жүйесі енгізілді. Сондай-ақ, Ғылым академиясы жанынан әдеп жөніндегі алқалы орган құруды ұсынамын. Ол Ғалым кодексін және Жарияланымдар әдебі жөніндегі кодексті әзірлеп шыға алар еді", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы Білім және ғылым министрлігіне Академиямен және жоғары оқу орындарымен бірге отандық ғылыми басылымдарды халықаралық рейтингтік базаларда ілгерілету жұмыстарын жүзеге асыруды тапсырды.

Сондай-ақ, Қазақстан Президенті әлемдік деңгейдегі ғылыми орталықтарда тағылымдамадан өту үшін үздік зерттеушілерге қосымша гранттар тағайындау, сонымен бірге Орталық Азия елдерінің жас ғалымдарына Қазақстанда ғылыми зерттеу жүргізу үшін грант бөлу мәселесін зерделеу жөнінде тапсырма берді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети