Назарбаев: Маған мақтау сөздер көп айтылады, бірақ онымен мені елжірету мүмкін емес

ПОДЕЛИТЬСЯ

Назарбаев: Маған мақтау сөздер көп айтылады, бірақ онымен мені елжірету мүмкін емес

Нұрсұлтан Назарбаев оған айтылатын мақтау сөздерге қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрсұлтан Назарбаев оған айтылатын мақтау сөздерге қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгін Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған салтанатты жиын өтті.

"Мен өзім мақтау сөздерді қазір де естіп жатырмын, осыған дейін де біз маған айтылған мақтау сөздерді естіп келдік. Осындай тәжірибем бола тұра және осындай жасқа келе отырып, әрине, мені мұндай сөздермен елжірету мүмкін емес. Мәселе мынада, егер де саған расында атқарылған жұмыстарың үшін мақтау сөздер айтып жатса, бұл қалыпты жағдай. Бірақ одан асыра мақтаудың қажеті жоқ", - деді жиын қатысушыларына Қазақстан Президенті.

"Сонда дамен сіздердің айтқан жылы сөздеріңізге рақмет айтамын. Мүның барлығы мені алдағы жұмыстарды атқаруға шабыттандырады. Рас айтамын, қазір мен шабыттанып отырмын", - деді Назарбаев.

Айта кетейік, осыған дейін Мемлекет басшысы Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған салтанатты жиында билікті қайта үлестіру мәселесін қарауды тапсырған болатын.

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети