25 ақпан 2014 | 16:32

Назарбаев Мәжіліс төрағасы Нығматуллинді қабылдады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрсұлтан Назарбаев. Фото Марат Абилов© Нұрсұлтан Назарбаев. Фото Марат Абилов©

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Нұрлан Нығматуллин Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа төменгі палатаның жұмысы туралы баяндады, деп хабарлайды Tengrinews.kz Ақорда сайтына сілтеме жасап. Кездесуде Президент Жолдауын тиімді іске асыру және «Қазақстан – 2050» Стратегиясын құқықтық қамтамасыз ету үшін қажетті заң жобалары талқыланды. Н.Нығматулин Мемлекет басшысын Парламент Мәжілісінің заңнамалық қызметі жөнінде хабардар етті, сондай-ақ Президент Жолдауын түсіндіру үшін депутаттардың өңірлерге сапарының қорытындысы туралы айтты. Мәжіліс төрағасы парламентшілердің халықпен жалпы саны 1300-ден аса кездесуі өткенін, оған 140 мыңдай адам қатысқанын мәлімдеді. Сондай-ақ, Н.Нығматулин V сайланымдағы Парламент жұмысы кезеңінде 255 заң жобасы қарау үшін қабылданғанын, оның 21-іне депутаттардың бастамашылық еткенін атап өтті. Сенатқа 183 заң жобасы жолданған, қазір оның 173-і заңға айналды. Бүгінде Мәжілістің заңнама қоржынында 60 заң жобасы қаралуда. Кездесу қорытындысында Мемлекет басшысы бірқатар нақты міндеттер жүктеді.

Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети