19 қазан 2018 | 09:07

Назарбаев Макронмен тұңғыш рет кездесті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Ақорданың баспасөз қызметі © Ақорданың баспасөз қызметі

Нұрсұлтан Назарбаев "Азия - Еуропа" (АСЕМ) форумы ХІІ саммитінің ашылу рәсіміне келген соң Франция Республикасының Президенті Эмманюэль Макронмен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Нұрсұлтан Назарбаев "Азия - Еуропа" (АСЕМ) форумы ХІІ саммитінің ашылу рәсіміне келген соң Франция Республикасының Президенті Эмманюэль Макронмен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы екі ел арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнағанына 26 жыл толғанын және осы кезең ішінде қажетті бүкіл шарттық-құқықтық база қалыптасқанын атап өтті.

"Бүгінгі кездесуіміздің арқасында Қазақстан мен Франция арасындағы байланыстар жаңа деңгейге көтеріледі деп сенемін. Біздің елімізде Францияның ондаған компаниясы жұмыс істеуде, өзара тауар айналымының көлемі 5 миллиард АҚШ долларына жетуі мүмкін", - деді Қазақстан Президенті.


© Ақорданың баспасөз қызметі

Макрон Нұрсұлтан Назарбаевқа ілтипат білдіре отырып, Қазақстан мен Франция арасындағы стратегиялық серіктестік туралы шарттың 10 жылдығы қарсаңындағы осы кездесудің символдық мәні зор екенін атап өтті.

"Президент мырза, Сізбен танысқаныма өте қуаныштымын. Мен президенттік қызметке келгеннен бері алғаш рет жүздесіп отырмыз. Сізбен бірқатар мәселені талқылап, көзқарасыңызды білгім келеді", - деді Франция басшысы.

Өзара сенім жағдайында өткен кездесу барысында тараптар екі жақты қарым-қатынас мәселелерін талқылап, өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі мейлінше өзекті проблемалар жөнінде ашық пікір алмасты.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети