Назарбаев Мәскеу метросында қаза тапқандардың туыстарына көңіл айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Назарбаев Мәскеу метросында қаза тапқандардың туыстарына көңіл айтты ҚР Президенті резиденциясы. ©Аkorda.kz

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинге Мәскеу метрополитенінде болған пойыз апатына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Жеделхатта Мәскеу метросындағы пойыз апаты салдарынан адамдардың қазаға ұшырағаны туралы қайғылы хабарды Мемлекет басшысының зор күйзеліспен қабылдағаны айтылған.

"Қазақстан халқының және жеке өз атымнан қаза болғандардың туған-туыстары мен жақындарына шын көңілден көңіл айтамын, сондай-ақ апаттан зардап шеккендер тезірек сауығып кетеді деп үміттенемін", – делінген жеделхатта.

Нұрсұлтан Назарбаев бауырлас Ресей халқына қайғылы оқиғаны көтеру үшін төзім мен сабыр тіледі.

Бұған дейін Мәскеу метросындағы апат салдарынан қаза тапқандар санының 20-ға жеткені хабарланған еді. Тергеушілер бұл оқиғаның террорлық әрекет емес екенін анықтады. Мәскеу билігі 16 шілдені қаза тапқандарды аза тұту күні деп жариялады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.49  course up  583.17  course up  6.51  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети