Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Мәскеуде І дәрежелі Сергий Радонежский орденімен марапатталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Мәскеуде І дәрежелі Сергий Радонежский орденімен марапатталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қасиетті Сергий Радонежскийдің орденімен орыстың православие шіркеуінің иерархтары мен клириктері, сонымен қатар, халықтар арасындағы бейбітшілік пен достықтың нығаюына мол еңбек еткен мемлекет және қоғам қайраткерлері марапатталады.
Марапаттау рәсімі Құтқарушы Христос храмында өтті. Сонымен қатар, шара кезінде Назарбаев пен Мәскеу және Бүкіл Русь Патриархы Кириллдің кездесуі болды.
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей астанасына ҰҚШҰ ұжымдық Кеңесінің сессиясына және Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңесіне қатысу үшін барды. Бұл шаралар 21 желтоқсанда Мәскеуде өтеді. Сонымен қатар, саммитер алағында Нұрсұлтан Назарбаев Ресей президенті Владимир Путинмен екіжақты кездесу өткізеді. Осыған дейін екіжақты кездесу барысында Сирия мен Украинадағы жағдайды және Мәскеу мен Астананың сауда-экономикалық қарым-қатынасын талқыланатыны жайлы хабарланған еді.