Назарбаев Мәскеуге келді

Назарбаев Мәскеуге келді News.headline.kz сайтынан

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев екі күндік арнайы іссапармен Мәскеуге келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мемлекет басшысы отырған ұшақ Мәскеу уақытымен сағат 11.30-да жерге қонды. Айта кетейік, 8 мамырда таңертең Нұрсұлтан Назарбаев "Отан қорғаушылар" монументіне гүл қойды.

Бұл Мемлекет басшысының президенттік сайлаудағы жеңісінен кейінгі алғашқы іссапары. Сапар барысында Нұрсұлтан Назарбаев ТМД мемлекеттері басшыларының бейресми саммитіне, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына және Мәскеудегі Жеңіс күніне орай өтетін шараға қатысады.

Жарнама
Жарнама

Сонымен қатар, 8 мамырда Ресей президенті Владимир Путинмен кездесу өтеді.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама