08 мамыр 2015 12:04

Нұрсұлтан Назарбаев: Біз - жеңімпаз әкелердің бақытты ұрпағымыз

ПОДЕЛИТЬСЯ

© astana.gov.kz © astana.gov.kz

Нұрсұлтан Назарбаев "Отан қорғаушылар" монументіне гүл шоғын қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Нұрсұлтан Назарбаев "Отан қорғаушылар" монументіне гүл шоғын қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, он мыңға жуық адам қатысқан рәсім барысында Ұлы Отан соғысы кезінде ұрыс даласында қаза тапқан сарбаздарды бір минуттық үнсіздікпен еске алу шарасы өтті. 

Мемлекет басшысы монументке гүл қойғаннан соң соғыс және еңбек ардагерлерімен әңгімелесті. Елбасы барша қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтады.

"Бұл соғысқа көп ел қатысты, миллиондаған адам майдан даласында қаза тапты және соншасы жарақат алды, жақындары жапа шекті. Біз - жеңімпаз әкелердің бақытты ұрпағымыз. Егер олар жеңіске жетпегенде, қазір біздің жағдайымыз қандай боларын елестетудің өзі қиын. Сондықтан ардагерлеріміз мерекеде ғана емес, күнделікті өмірде де барлық құрметке лайық. Мен жастардың оларға әрдайым көмектескенін, қарт ата-аналарын құрметтегенін қалаймын, біздің халық солай болуға тиіс. Ардагерлер арамызда аман-есен ұзақ жүріп, адамгершілік, моральдық ұстанымдарымен жас буынға үлгі бола берсін. Мерекелеріңізбен, қымбатты қазақстандықтар! Әрбір отбасыға бақыт, табыс және ашық аспан тілеймін", - Нұрсұлтан Назарбаев.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети