Назарбаев Мәскеуге жұмыс сапарымен келді

©РИА Новости

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясына жұмыс сапарымен келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР Президентінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

"Сапар барысында Қазақстан Президентінің М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде еуразиялық интеграция тақырыбында дәріс оқуы жоспарланған", - делінген хабарламада. Дәріс Астана уақыты бойынша сағат 17.00-де басталады.

Ал 29 сәуірде Елбасы Минскіде Қазақстан, Ресей және Беларусь президенттерінің қатысуымен өтетін Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына барады. Кремльдің баспасөз қызметі кеңес отырысында Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістік шеңберіндегі өзараықпалдастықтың негізгі бағыттары талқыланатынын хабарлайды. Назарбаев, Путин мен Лукашенко одақтас үш ел үкіметтерінің Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт жобасын әзірлеу жөніндегі жұмыстарын қорытындылап, жобаны мамыр айында Астанада қол қоюға дайындайды.

Реклама
Реклама

 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама