27 сәуір 2014 15:02

Назарбаев Мәскеуде еуразиялық интеграция жөнінде дәріс оқиды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрсұлтан Назарбаев. ©REUTERS Нұрсұлтан Назарбаев. ©REUTERS

28 сәуірде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде еуразиялық интеграция тақырыбында дәріс оқиды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Президентінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұдан соң Елбасы 29 сәуірде Минскіде Қазақстан, Ресей және Беларусь президенттерінің қатысуымен өтетін Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына барады. Кремльдің баспасөз қызметі кеңес отырысында Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістік шеңберіндегі өзараықпалдастықтың негізгі бағыттары талқыланатынын хабарлайды. Назарбаев, Путин мен Лукашенко одақтас үш ел үкіметтерінің Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт жобасын әзірлеу жөніндегі жұмыстарын қорытындылап, жобаны мамыр айында Астанада қол қоюға дайындайды. 

Айта кетейік, Еуразиялық экономикалық одақ 2015 жылдың 1 қаңтарында өз жұмысын бастауы керек. Кеден одағына мүше үш елдің басшылары еуразиялық экономикалық интеграция қатысушыларын кеңейтуді, оған Армения мен Қырғызстанды қосу мәселелерін қарастырады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети