06 наурыз 2020 18:06

Назарбаев Медведевке: Тағы да әріптес болдық

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: elbasy.kz Фото: elbasy.kz

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Қауіпсіздік Кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведевпен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Elbasy.kz сайтына сілтеме жасап.


Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Қауіпсіздік Кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведевпен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Elbasy.kz сайтына сілтеме жасап.

Нұрсұлтан Назарбаев Жоғары мейманды құттықтап, Қазақстан мен Ресей арасындағы өзара іс-қимылдың барлық саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың жоғары деңгейін атап өтті.

"Біз Сізбен бұрыннан жұмыс істейміз, әрдайым өзара түсіністік пен ортақ тіл табысып отырдық. Өзіңізге белгілі, мен Президент өкілеттігін тоқтаттым. Қазір мен заң бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасының мәртебем бар. Сондықтан біз сізбен тағы да әріптес болдық. Сыртқы саясат мәселелері бойынша жұмыс істеп, пікір алмасайық", - деді Елбасы.

Дмитрий Медведев сондай-ақ мемлекетаралық ынтымақтастықтың маңызын атап өтті.

"Менің әрбір жаңа мемлекеттік позициям сыртқы саяси жағдайда Қазақстанға сапардан басталды. Бұл кездейсоқ емес. Бұл біздің одақтастық қарым-қатынастарымызды сипаттайды, сондай-ақ менің Сізге деген құрметімнің белгісі", - деп атап өтті Медведев.

Еске салайық, мұның алдында Дмитрий Медведев Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесіп, ресейлік тараптың Қазақстандағы маңызды саяси үрдістерге қызығушылық танытқанын айтып өткен еді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети