05 қазан 2018 16:14

Назарбаев мемлекеттік қызметкерлердің жұмыс күніне қатысты пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік қызметкерлердің жұмыс күніне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік қызметкерлердің жұмыс күніне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Соңғы кездері үкіметте, мемлекеттік органдарда ұзақ уақытқа созылатын жиындардың саны артып жатыр. Бір жылда 100 тәулік уақыт кеңесте өткізеді. Сіздер жұмыс істеуге уақыт бермейсіңдер ғой. Мен үкіметте тек сейсенбі күндері жиналатындарың жайлы бұйрыққа қол қойған едім ғой. Таңертең жиналыс, түстен кейін кездесулер. Дүйсенбі күндері қабылдай аламын. Бейсенбіде Парламенттегілердің есебін тыңдаймын. Келісейік. Ақордада бір қарасаң министрлер, бір қарасаң әкімдер, кейде олардың орынбасарлары да жүреді", - деді Президент.

Назарбаев алдын ала дайындалған жиынның жарты сағатқа ғана созылатынын айтып өтті.

"Менің мемлекеттік қызметтегі тәжірибем мол, алдын ала дайындалған жиын жарты сағат болады, күрделі мәселелер болса, бір сағат. Мемлекеттік қызметкер заң бойынша 7 сағат жұмыс істеуі керек, түнгі сағат 12-ге дейін отырмауы тиіс. Күніне 7 жиын өтетін жағдайлар болып жатады. Бақытжан (Сағынтаев - премьер-министр), сен өзің қай уақыттарда жұмыс істейсің? Тек жиын өткізе бересіздер, мен белгілеген тәртіпті орындаңдар. Адамдарға жұмыс істеуге уақыт беріңдер", - деді Президент.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети