Назарбаев мемқызметтегі бос орындарды жауып, қаражатын қызметкерлерге үлестіруді ұсынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Назарбаев мемқызметтегі бос орындарды жауып, қаражатын қызметкерлерге үлестіруді ұсынды © Тұрар Қазанғапов

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік қызметтегі бос орындарды алып тастап, бұл орындардың қаражатын қызметкерлер арасында бөліп беруді ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік қызметтегі бос орындарды алып тастап, бұл орындардың қаражатын қызметкерлер арасында бөліп беруді ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазір біздегі мемлекеттік қызметте қанша бос орынның барын кім біледі? 100 мыңға таяу, олардың 18 мыңы бос орындар. Осы 18 мыңды түгел қысқартуды айтып отырған жоқпын. Шын мәнінде сол орындардың ішінде пайдасы жоқтары да бар шығар. Мүмкіндігінше қысқартып, жалақыны қалдыру керек. Әкімдерге, министрлерге жақсы жұмыс істейтін қызметкерлердің арасында үлестіруге рұқсат берілсін", - деді Президент үкімет отырысында.

Назарбаевтың айтуынша, бұл шара жемқорлықпен күресте сәтті жол болады.

Бес институционалдық реформаларда мемлекеттік қызметкерлердің табысына әлі жеткен жоқпыз. Әл-ауқат жақсарған соң ғана жалақыны көтереміз. Жақсартқан соң, жалақыны өсіреміз. Мұндағы мақсат мемлекеттік қызметкерлердің жалақысын бизнеске жақындату", - деді Мемлекет басшысы.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети