Назарбаев: Мен көп уақыттан бері жұмыс істеп келе жатқаным үшін сын естимін

25 Қараша 2016, 10:57
0
Назарбаев: Мен көп уақыттан бері жұмыс істеп келе жатқаным үшін сын естимін -

Нұрсұлтан Назарбаев өз жұмысының тиімділігі туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ақорданың баспасөз қызметі Facebook желісінде Қазақстан Президентінің Bloomberg News агенттігіне берген сұхбатының үзіндісін жариялады.

"Мен көп жылдан бері жұмыс істеп келемін. Сондықтан сыналып жатырмын. Көп жұмыс істеу, аз жұмыс істеу... Бар мәселе жұмысыңның тиімділігіне келіп тіреледі. Өз қызметіңмен халқыңа пайдаңды тигізесің бе, тигізбейсің бе - мәселе осында деп есептеймін", - деп мәлімдеді Мемлекет басшысы журналистермен әңгіме барысында.

"Сондықтан, бізің заң мен Конституциямыз жайлы айтсақ, олар маған кандидатурамды ары қарай да ұсынуыма мүмкіндік береді. Бірақ 2020 жылы не болатынын айтпаймын. Бұл көптеген факторға байланысты", - деді Назарбаев.

Еске салайық, Нұрсұлтан Назарбаев Bloomberg агенттігіне сұхбат берген болатын. Ол өзінің ізбасарлары туралы сұраққа жауап берді. Елбасы басқа да сұрақтарға жауап берген еді.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай