Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Назарбаев Меркельді Германия құрамасының жеңісімен құттықтады

14 Шілде 2014, 18:23
0

Нұрсұлтан Назарбаев Ангела Меркельді Германия футбол құрамасының 2014 жылғы әлем чемпионатында жеңіске жетуімен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қазақстан Президенті Германияның федералдық канцлеріне жеделхат жолдады.

Мемлекет басшысы биік деңгейдегі шеберлік, тамаша командалық ойын мен жеңіске деген құштарлықтың Германия құрамасына барлық қарсыласынан озып кетуге мүмкіндік бергенін атап өтті. "Германия Федеративтік Республикасы құрамасының футболдан биылғы әлем чемпионатындағы жарқын жеңісіне және чемпион атағын төртінші рет жеңіп алуына байланысты шын жүректен құттықтауымды қабыл алыңыз. Германия құрамасының бүкіл әлем назарын аудартқан жеңісі футбол тарихында із қалдырды", - делінген жеделхатта. Нұрсұлтан Назарбаев Ангела Меркельге және Германияның барлық тату халқына табыстар мен жеңістер тіледі.

Айта кетейік, бүгін Астана уақыты бойынша сағат 01.00-де футболдан әлем чемпионатының финалы болған еді. "Рио-де-Жанейродағы "Маракана" стадионында Германия және Аргентина құрамалары кездесті. Негізгі уақыт 0:0 есебімен аяқталды. Жеңімпаз қосымша уақыт берілген кезде анықталды. 114-минутта Марио Гетце аргентиналықтар қақпасына гол салды. Ол ойынға 88-минутта ғана қосылып, Мирослав Клозені алмастырған болатын. Германия құрамасы футболдан әлемнің төрт дүркін чемпионы атанып отыр.

 

 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай