Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ангела Меркель телефон арқылы әңгімелесу барысында Ресей, Украина, Франция президенттерінің және Германия канцлерінің Минскіде "норманд форматында" өткен келіссөздерінің қорытындысы туралы сөйлесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Минск кездесуінің табысты аяқталуына федералдық канцлердің қомақты үлес қосқанын атап өтті. Ангела Меркель Украинаның оңтүстік-шығысындағы қақтығысты бейбіт реттеу үдерісін ілгерілетудегі Нұрсұлтан Назарбаевтың күш-жігерінің маңыздылығына тоқталды және "норманд төрттігінің" кездесуін Астанада өткізу мүмкіндігін атай отырып, осы маңызды жұмысты жалғастыруды өтінді.
Мемлекет басшылары барлық тараптың бейбіт үдерісті қамтамасыз етуге жұмсаған күш-жігері Украинадағы дағдарысты реттеуге септігін тигізеді деп үміттенетіндерін айтты. Сонымен қатар, тараптар Қазақстан - Германия ынтымақтастығының деңгейі жоғары екенін қанағаттанушылықпен атап өтті.
11 ақпанда Минскіде Украинадағы жағдайды реттеуге арналған келіссөздер басталып, 12 ақпанда аяқталды. Кездесуге Петр Порошенко, Владимир Путин, Франсуа Олланд, Ангела Меркель және ДХР және ЛХР басшылары Александр Захарченко және Игорь Плотницкий қатысты.
Кездесу жалпы 16 сағатқа созылды. Келіссөздер қорытынды декларациямен аяқталды, онда 15 қаңтардан бастап атысты тоқтату, артиллерия жүйесін кем дегенде 50 шақырымнан алысқа алып кету, ені 70 шақырым болатын буфер аймағын құру, кепілге алынғандарды "бәрін бәрі үшін" схемасы бойынша алмасып, босату қарастырылды.