Назарбаев мерзімінен бұрын сайлау өткізу туралы сұраққа жауап берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Назарбаев мерзімінен бұрын сайлау өткізу туралы сұраққа жауап берді видеодан үзінді

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Парламент депутаттарының мерзімінен бұрын сайлау өткізу туралы сұрағына жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.  

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Парламент депутаттарының мерзімінен бұрын сайлау өткізу туралы сұрағына жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.  

"Жақсы бір сөз бар: жаңа сайлаудан кейін және үйленуден кейін керегіңді ала алмайсың. Неге адамдар сайлаудың болғанын қалайды? Парламент 2021 жылға дейін сайланды, ол өз мерзімін толығымен атқарады", - деді Назарбаев журналистердің қойған сұрағына.

Әңгіме барысында Мемлекет басшысы журналистермен кездесу барысында қазіргі күн тәртібіндегі мейлінше өзекті сауалдарға жауап берді.

Еске салайық, Кездесуге қатысушылар "Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік" атты жолдауды іске асыру аясында ел экономикасын трансформациялау үдерісінің бірқатар аспектілерін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелерін, қазіргі саяси жаңғыру кезеңінің ерекшеліктерін, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретіндегі Қазақстанның сыртқы саяси басымдықтарын, сондай-ақ басқа да маңызды жайттарды талқылады.

Кездесуге "Қазақстан", "Хабар", "МИР" телеарналарының, "Айқын" газетінің, "Esquire" журналының, "Қазақпарат" ақпарат агенттігінің журналистері қатысты. 

Сонымен қатар, ҚР Президенті кадр тағайындаудағы мәселелер жайында айтып берді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.49  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети