Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Миланда өтетін "Азия-Еуропа" форумының саммитіне қатысуды жоспарлап отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Миланда өтетін "Азия-Еуропа" форумының саммитіне қатысуды жоспарлап отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
"16-17 қазанда Қазақстан Президенті Милан қаласына (Италия Республикасы) сапармен барады деп көзделуде, оның аясында "Азия-Еуропа" форумының 10-саммитіне қатысу, сондай-ақ бірқатар екіжақты кездесулер өткізу жоспарланған", - делінген Ақорданың хабарламасында.
Форумның басты тақырыбы "Орнықты даму және қауіпсіздікті нығайту жолындағы жауапты серіктестік" деп аталады, оның жұмысына 50-ге жуық елдің мемлекет және үкімет басшылары қатысады. Қазақстан - Орталық Азиядан осы форумның мүшесі мәртебесіне ие болған бірден-бір ел.