18 қазан 2014 16:06

Назарбаев Миланда өткен "Азия-Еуропа" форумы саммитін қорытындылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

 Қазақстанның Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Миланнан келе жатқан жолда "Азия-Еуропа" форумының 10-саммитін қорытындылады, сондай-ақ ол өзінің Бельгия Корольдігіндегі, Беларусь Республикасындағы іссапарлары туралы да әңгімеледі, деп хабарлайды   Tengrinews.kz Мемлекет басшысының ресми сайтына сілтеме жасай отырып. 


 Қазақстанның Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Миланнан келе жатқан жолда "Азия-Еуропа" форумының 10-саммитін қорытындылады, сондай-ақ ол өзінің Бельгия Корольдігіндегі, Беларусь Республикасындағы іссапарлары туралы да әңгімеледі, деп хабарлайды   Tengrinews.kz Мемлекет басшысының ресми сайтына сілтеме жасай отырып. 

Назарбаевтың айтуынша, "Еуразиялық идея" деп аталатын өзінің концепциясы Еуропа мен Азия арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды дамытудың негізі болып саналады. 50 мемлекет басшылары қатысқан жиынға Орта Азия елдері арасынан тек Қазақстан ғана шақырылғаныдығын Мемлекет басшысы атап айтты,

Елбасының айтуынша, осындай форумдар мемлекет басшыларының бір-бірімен маңызды мәселелерді талқылауына мүмкіндік береді. Саммит барысында 1 жарым күн ішінде Президент  Ұлыбритания, Жапония, Германия, Кытай, Оңтүстік Корея, Венгрия, Италия және Нидерланд көшбасшыларымен кездесті. Мемлекет басшылары серіктестікті ары қарай да нығайта түсу туралы әңгімелесті.

"Мұндай кездесулер әлемдік аренада еліміздің беделін арттыра түседі. Ғаламдық экономиканың қиын жағдайында Қазақстанға инвестиция тарту мүмкіндіктерін кеңейтеді. Көптеген мемлекеттер Қазақстанға  қаржы салғысы келеді. Бұл біздің экономикамыздың дамуына, жаңа жұмыс орындарының ашылуына, тұрмысымыздың жақсаруына жақсы әсер етеді", дейді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы Миланда өткен жиында Украинадағы жағдайды да ретке келтіру мәселесі талқыланғанын айтты. Елбасы Украинадағы келеңсіз жағдайды келісімге келу арқылы шешу қажеттігін айтады және өз тарапынан осыған барынша  күш салуда. 

Қазақстан Президенті Назарбаев әлемдік экономикадағы дағдарыс халықаралық нарыққа және Қазақстан нарығына кері әсерін тигізіп жатқанын тілге тиек етті. Сондықтан Президент өзінің соңғы іссапарлары еліміздің экономикасын жақстарту, басқа мемлкеттермен іскерлік байланысты нығайту мақсатында жасалып жатқанын айтты.

Елбасы Брюссельде қол қойылған құжаттың, 6 жыл бойы жасалған ҚР мен ЕО  арасындағы серіктестікті кеңейту туралы келісімнің маңыздылығын ерекше атап өтті. Сондай-ақ Қазақстанның  БСҰ-накіруі туралы Еуроодақпен екіжақты келісімі де үлкен маңызға ие екендігі айтылды. 

Президент атап өткендей, Қазақстан мен ЕО мемлекеттері арасындағы тауар айналымы қазіргі таңда 53 миллиард долларды құрайды. Жоғарыда аталған келісім мемлекеттер арасынағы серіктестікті одан әрі нығайта түсуге ықпал етеді. Бұл ел экономикасына жағымды ісер ететін қосымша инвестициялар тартуға мүмкіндік туғызады.   

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети