Назарбаев министр жайлы: Жас Біртанов бәрін дұрыс істеп жатыр

04 Қыркүйек 2017, 12:33
0
Назарбаев министр жайлы: Жас Біртанов бәрін дұрыс істеп жатыр - Елжан Біртанов. © Тұрар Қазанғапов
Елжан Біртанов. © Тұрар Қазанғапов

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қымбат медицина құрылғыларын белсенді сатып алуды және монополист фармкомпанияларды сынап, денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановқа бұл мәселелерді шешуді тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Бізде дәрі-дәрмек өндіруде монополия бар. Жаңа компаниялар келсе "Фармацефтикалық фабрика салайық, 50 дәрі шығаратын" десе, өтпей қалады. Барлық жерде кедергі қойылады. Неге? Себебі жеткізіп берушілердің құрылымы қалыптасты, қабылдайтын. Меніңше, онда маржа бар, кеткісі келмейді. Жас Біртановқа осы мәселені шешуді тапсырдым. Меніңше, ол дұрыс қадамдар жасап жатыр, алайда соңына дейін жеткізуі қажет", - деді Президент парламенттің қос палатасының біріккен отырысында. 

Назарбаев тиімді болмай шыққан қымбат медицина жабдықтары жайлы еске салды. 

"Отаның бәрін өзімізде жасаймыз дегенім естеріңізде ме, осы сөзге шалқақтап кетті. Бүгінде барлық облыста жүрекке ота жасалады. Он жыл бұрын мұндайды елестету де қиын болған. Осы мақсатта Батысқа барып, 50-60 доллар шығындау қажет еді. Ал қазақстандықтардың 90 пайызында мұндай қаражат жоқ. Енді не? Енді облыстарда сол жабдықтар шіріп жатыр. Тапсырыс беріп-беріп, керекті де, керек емесін де алып қойды. Әкімдеріміз де, басқалары да дәндеп алды. Бұл жай бизнес емес, бұл бірінші кезекте әрбір адамның денсаулығы, ұлттың денсаулығы. Қолымыздан келетінін көріп отырмын, бәсекелі ортаны жасай алатын фабрика ашқысы келетін, медициналық препараттарды арзандата алатын және сапалы қыла алатындар бар", - деп атап өтті Президент.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай