Назарбаев министрлер кабинетін жинады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Назарбаев министрлер кабинетін жинады © Тұрар Қазанғапов

Астанада Мемлекет басшысының қатысуымен үкіметтің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Үкімет үйінен. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада Мемлекет басшысының қатысуымен үкіметтің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Үкімет үйінен. 

Жиынды премьер-министр Бақытжан Сағынтаев ашты. Үкімет басшысы Президентке жыл басынан бері мемлекет үшін маңызды істер жасалып жатқанын мәлімдеді. "Сіздің осы аптада жариялаған халыққа Жолдауыңыз бойынша қажетті жұмыстар мен шараларға кірістік. Осыған байланысты үкіметтің арнайы отырысын өткізіп, экономиканың дамуы үшін жаңадан нақты жоспарлар құрдық. Жолдауда жарияланған тапсырмалар бойынша әр салаға жауапты адамдарды тағайындадық", - деп баяндады премьер-министр Нұрсұлтан Назарбаевқа. 

"Біздің ең басты мақсатымыз - Жолдауда жарияланған тапсырмаларды мүлтіксіз орындау. Үкімет сіздің сеніміңізді зор бағалайды, алдыңызда үлкен жауапкершілік сезінеміз", - деді үкімет басшысы. 

Биыл қаңтарда Елбасы республикалық арналардан екі рет қазақстандықтар алдында сөз сөйлеген еді. Алғашқы сөзінде Перзидент мемлекеттік биліктің тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу туралы айтқан. Екінші сөзінде Елбасы Халыққа жолдауы туралы сөз қозғады. Жолдау Қазақстанды модернизациялаудың үшінші кезеңіне арналған. Биылғы жолдауда Президент бес негізгі басымдықтарды бөліп көрсетеді. 

Айта кетейік, Елбасы мемлекет билігіне "бір орында тұра беруді" қою керектігін айтқан. Бұл ой елдегі кәсіпкерлікті дамытудың үлкен әлеуеті барына қатысты айтылды. Әңгіме бірнеше мемлекеттік қызметті бизнеске өткізу туралы болды. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети