Назарбаев Монако князін егіз сәбилі болуымен құттықтады

12 Желтоқсан 2014, 11:03
0
Назарбаев Монако князін егіз сәбилі болуымен құттықтады - ©Тұрар Қазанғапов
©Тұрар Қазанғапов

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Монако князін егіз сәбилі болуымен құттықтады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 

Мемлекет басшысы II Альберге жеделхат жолдады. "Елбасы Монако князін қызы Габриэлла мен ұлы Жактың өмірге келуімен құттықтады. Нұрсұлтан Назарбаев ІІ Альберге және зайыбы Шарленге бақ-береке, ал нәрестелерге мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр және бақыт тіледі", - делінген хабарламада. 

Бұған дейін Габриэлла Тереза Марияның өмірге сыңары Жак Оноре Реньеден бір-екі минут ерте келгені хабарланған еді. Ұл сыңарынан кейін өмірге келсе де, ол әкесінен соң таққа отыру құқығына ие. Қазір анасы мен сәбилердің жағдайы жақсы. 

 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай