07 қараша 2018 | 17:09

Назарбаев Монополияға қарсы комитеттің төрағасына сөгіс жариялады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Азамат Майтиев. © primeminister.kz Азамат Майтиев. © primeminister.kz

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі комитеттің төрағасы Азамат Майтиевке сөгіс жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі комитеттің төрағасы Азамат Майтиевке сөгіс жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Осымен айналысуы тиіс уәкілетті органдар әрекет етпей отыр. Ешкім бақылап отырған жоқ. Ең біріншіден Ұлттық экономика министрлігіндегілер нашар жұмыс істеп жатыр. Барлығын да түсіндіруге болады, бірақ нақты сұрақтарға ешқайсыңыз жауап бере алмайсыздар. Монополияға қарсы комитет... "Қарсы" деген сөздің өзі үнемі бірбеткейлік дегенді білдіруі керек. (...) Премьер-министрге Монополияға қарсы комитеттегілердің қызметімен айналысуды тапсырамын", - деді Назарбаев Қауіпсіздік кеңесінің отырысында.

"Монополияға қарсы комитеттің төрағасы, сен осының барлығымен дұрыстап айналыса аласың ба? Әлде жұмыстан кетесің бе?", - деп сұрады Президент.

Майтиев жағдайды дұрыстауға уәде берді.

"Сүлейменов, (ұлттық экономика министрі - автор) оның қолынан келе ме? Оған жауап бере аласың ба?", - деп сұрады Назарбаев.

"Иә, дәл солай", - деп жауап берді министр.

Президент әзірше тек сөгіс жариялайтынын ескертті.

"Сен осымен өзің айналыс, қажетті адамдарды жазала, жұмыстан босату керек адамдар болса, босат. Осы мәселе бойынша маған баяндап тұр. Ал мен Бас прокуратураның қызметіне қолдау көрсететін боламын. Ол (бас прокурор Қайрат Қожамжаров) бастаған ісін соңына дейін аяқтайды. Жалпы осы мәселе бойынша Бозымбаев та, Ұлттық экономика министрлігіндегілер де, монополияға қарсы қызметтегілер де - барлығы барынша қатаң жазалануы тиіс. Бірақ Бозымбаев басқа салаға жауапты. Барлығына ескертемін. Келесі жолы шаралар қолданылады", - деді Президент.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети