10 қаңтар 2018 09:11

Назарбаев мұғалімдердің жалақысы қалай өсетінін айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында мұғалімдердің жалақысы қалай өсетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында мұғалімдердің жалақысы қалай өсетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мұғалім мәртебесін арттыру мақсатымен білім берудің жаңартылған мазмұнына көшкен ұстаздардың лауазымдық жалақысын 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап 30 процентке көбейтуді тапсырамын. Жаңартылған мазмұн дегеніміз - халықаралық стандарттарға сай келетін және Назарбаев зияткерлік мектептерінде бейімделуден өткен заманауи оқу бағдарламалары", - деді Елбасы жолдауында.

Президенттің айтуынша, бұлар балаларға қажетті функционалдық сауаттылық пен сыни тұрғыдан ойлау қабілетін дарытады.

Сонымен қатар, Назарбаев 2018 жылы категориялар арасындағы алшақтықты арттырып, мұғалімдер үшін біліктілік деңгейін ескеретін категориялардың жаңа кестесін енгізуді тапсырды.

"Категорияларды бүкіл әлемде қолданылып жүрген ұлттық біліктілік тест арқылы беру керек. Бұл педагогтарды өздерін ұдайы жетілдіруге ынталандыратын болады. Нәтижесінде, мұғалімдердің жалақысы біліктілігінің расталуына байланысты тұтастай алғанда 30 проценттен 50 процентке дейін өседі. Бұл үшін биыл қосымша 67 миллиард теңге бөлу қажет", - деді Қазақстан Президенті.

Айта кетейік, бүгін, 10 қаңтарда Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауының толық мәтіні жарияланды. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети