Назарбаев: Мұнай мен газ - біздің байлығымыз

ПОДЕЛИТЬСЯ

Назарбаев: Мұнай мен газ - біздің байлығымыз Фото arabpress.net.ua сайтынан алынды

Атырауда өтіп жатқан Өңіраралық ынтымақтастықтың ХI форумында Нұрсұлтан Назарбаев мұнай мен газды біздің бағымызға біткен байлыққа балап, тұрғындарды "шикізаттық" тәуелділіктен қорықпауға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Атыраудан.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырауда өтіп жатқан Өңіраралық ынтымақтастықтың ХI форумында Нұрсұлтан Назарбаев мұнай мен газды біздің бағымызға біткен байлыққа балап, тұрғындарды "шикізаттық" тәуелділіктен қорықпауға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Атыраудан.

"Бүгін біз мұнай-газ саласындағы инновация мәселесін сөз еттік. Бізде мұнай өндіру жолында ғасырға жуық тәжірибе бар. Ал Ресей бұл салаға одан да ертерек кіріссе керек. Кеңес заманында біз мұнайға қажетті қондырғыларды Румыниядан сатып алатынымыз есімде. Және ол уақыттағы құбырлардың сапасы өте жоғары болатын. Ал қазір ондай сападағы құбырларды біз де шығарып жатырмыз. Металлург ретінде мен оның сапасына кепілдік бере аламын", - деді Назарбаев.

Мемлекет Басшысының сөзіне қарағанда, Қазақстанда болсын, Ресейде болсын көмірдің алдағы жүз жылға жететін қоры бар. Ол сондай-ақ, баламалы энергетика дәстүрлі энергетиканы алмастыра алмайтынын да айтты. "Сондықтан мұнай мен газ - ол біздің негізгі байлығымыз. Сондықтан бізге "шикізатты" ел болудан қорқудың еш қажеті жоқ. Алла қалап, бізге шикізатты молынан беріп отыр. Ал біз соны сатып, ақша табамыз. Тапқан ақшамызға заманауи индустрияны жасақтауымыз қажет.

Елбасы форум жұмысын қорытындылай келе, Қазақстан мен Ресей әруақытта одақтас болып қала беретінін жеткізді. "Қазақстан мен Ресей бұған дейін де стратегиялық серіктес, одақтас, әрі тату көрші бола білді. Сондықтан екі ел халқының болашағы үшін жұмыс істей беретінімізге сенімдімін", - деді Мемлекет Басшысы.

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.49  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети