Назарбаев Мьянмадағы жағдайға алаңдаушылық білдірді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© akorda.kz © akorda.kz

Нұрсұлтан Назарбаев Ислам ынтымақтастық ұйымының ғылым және технология бойынша бірінші саммитінің қатысушыларына үндеу жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Отырыс Астанадағы Тәуелсіздік Сарайында өтіп жатыр. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Нұрсұлтан Назарбаев Ислам ынтымақтастық ұйымының ғылым және технология бойынша бірінші саммитінің қатысушыларына үндеу жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Отырыс Астанадағы Тәуелсіздік Сарайында өтіп жатыр. 

Қазақстан Президенті Мьянмадағы жағдайға байланысты өз пікірін білдірді. Ол зорлық-зомбылықты тоқтатып, БҰҰ деңгейінде келіссөздер өткізуді ұсынды. Сөз сөйлеуді бастамастан бұрын, Нұрсұлтан Назарбаев ИЫҰ саммитіне қатысып отырған барлық мүшесіне Астанаға келгені үшін алғыс білдірді. 

"Қонақжай Қазақстанның шақыртуын қабыл алғандарыңыз үшін алғыс білдіремін. Өкінішке қарай, соңғы кездері ислам әлемі әр түрлі ауыр сынақтардан өтіп жатыр. Біріншіден, экстремистік және террорлық ұйымдардың террорлық шабуылынан бірінші кезекте мұсылман елдері зардап шегіп отыр. Екіншіден исламофобия ұғымы тарап жатыр. Батыс елдерде жыл сайын мұсылмандарға қарсы қылмыстар көбейіп жатыр. Біз таяуда болған Мьямадағы қақтығыстарға алаңдаушылық білдіріп, барлық елді дереу зорлық-зомбылықты тоқтату үшін БҰҰ деңгейінде келіссөздер жүргізуге шақырамыз", - деді Назарбаев ИЫҰ қатысушыларына. 

ИЫҰ ғылым және технология бірінші самитінде ғылым, технология және инновация саласындағы артықшылықтары анықталады. Осы идеяны 2016 жылы Ыстамбұлда ИЫҰ саммиті кезінде Нұрсұлтан Назарбаев айтқан болатын. 

Ислам Ынтымақтастық Ұйымы (ИЫҰ) 1969 жылы 25 қыркүйекте мұсылман мемлекеттерінің бастамасымен құрылған. Бүгінде осы ұйымға 57 ел мүше, жалпы халық саны - 1,2 миллиард адам. Ұйымға Ресей, Босния және Герцеговина, Тайланд бақылаушы ретінде қатысады. Ұйымның штаб-пәтері Сауд Арабиясының Джидда қаласында орналасқан. ИЫҰ-ның басшысы - Бас хатшы, ал атқарушы органы - Бас хатшылық деп аталады. Бас хатшыны мүше елдер Сыртқы министрлер конференциясында бір мәрте 4 жылға сайлайды. Ұйым жанынан ашылып, дербес жұмыс істейтін төмендегідей органдар мен құрылымдар бар. Олар Ислам даму банкі, Ислам жаңалықтары агенттігі, Экономика және мәдени мәселелер жөнінде ислам комиссиясы, Иерусалим қоры, Ислам астаналары ұйымы, Ислам ғылыми-техникалық даму қоры және тағы басқалар. 2011 жылға дейін Ислам конференциясы ұйымы деп аталған. Астанада өткен 38 сесияда атауы өзгертілді. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.48  course up  582.55  course up  6.31  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro