Египет Араб Республикасының президенті Әбдел Фаттах Ас-Сисимен Қазақстанға ресми сапармен келеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Египет Араб Республикасының президенті Әбдел Фаттах Ас-Сисимен Қазақстанға ресми сапармен келеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
"26 ақпанда Мемлекет басшысы Египет Араб Республикасының Президенті Әбдел Фаттах Ас-Сисимен кездеседі. Мысыр Президентінің елімізге ресми сапары оның Азияға турнесі аясында Қазақстан-Мысыр ынтымақтастығына серпін беруге бағытталған", - делінген Ақорда жариялаған хабарламада.
Мысыр басшысының елімізге сапары барысында сауда-экономика, ауыл шаруашылығы, фармацевтика, сондай-ақ инфрақұрылым және көлік-логистика салаларындағы өзара іс-қимыл сияқты бағыттар бойынша шағын және кеңейтілген құрамда келіссөздер өткізу жоспарланғаны белгілі болды.
Айта кетейік, 25 ақпанда Мемлекет басшысы Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының төрағасы Тигран Саркисянмен кездеседі. Кездесу барысында ЕурАзЭО-ның қазіргі қызметінің мәселелері, сондай-ақ Комиссия жұмысының алдағы кезеңдегі басымдығы бар бағыттары талқыланатын болады.
Сол күні Нұрсұлтан Назарбаев Халықаралық көрмелер бюросының бас хатшысы Висенте Лоссерталеспен де кездеседі деп жоспарлануда. Кездесуде халықаралық "ЭКСПО-2017" көрмесін өткізуге дайындық барысы мен салынып жатқан павильондарды мазмұндық тұрғыдан жабдықтау мәселесін талқылау көзделген.