Назарбаев Мысыр президентімен кездеседі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Назарбаев Мысыр президентімен кездеседі © Тұрар Қазанғапов

Египет Араб Республикасының президенті Әбдел Фаттах Ас-Сисимен Қазақстанға ресми сапармен келеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Египет Араб Республикасының президенті Әбдел Фаттах Ас-Сисимен Қазақстанға ресми сапармен келеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

"26 ақпанда Мемлекет басшысы Египет Араб Республикасының Президенті Әбдел Фаттах Ас-Сисимен кездеседі. Мысыр Президентінің елімізге ресми сапары оның Азияға турнесі аясында Қазақстан-Мысыр ынтымақтастығына серпін беруге бағытталған", - делінген Ақорда жариялаған хабарламада.

Мысыр басшысының елімізге сапары барысында сауда-экономика, ауыл шаруашылығы, фармацевтика, сондай-ақ инфрақұрылым және көлік-логистика салаларындағы өзара іс-қимыл сияқты бағыттар бойынша шағын және кеңейтілген құрамда келіссөздер өткізу жоспарланғаны белгілі болды.

Айта кетейік, 25 ақпанда Мемлекет басшысы Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының төрағасы Тигран Саркисянмен кездеседі. Кездесу барысында ЕурАзЭО-ның қазіргі қызметінің мәселелері, сондай-ақ Комиссия жұмысының алдағы кезеңдегі басымдығы бар бағыттары талқыланатын болады.

Сол күні Нұрсұлтан Назарбаев Халықаралық көрмелер бюросының бас хатшысы Висенте Лоссерталеспен де кездеседі деп жоспарлануда. Кездесуде халықаралық "ЭКСПО-2017" көрмесін өткізуге дайындық барысы мен салынып жатқан павильондарды мазмұндық тұрғыдан жабдықтау мәселесін талқылау көзделген.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети