10 қазан 2018 15:58

Назарбаев Насир Абдуләзиз әл-Насерді ІІ дәрежелі "Достық" орденімен марапаттады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© akorda.kz © akorda.kz

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Біріккен Ұлттар Ұйымы Өркениеттер альянсының Жоғары өкілі Насир Абдуләзиз әл-Насермен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.


Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Біріккен Ұлттар Ұйымы Өркениеттер альянсының Жоғары өкілі Насир Абдуләзиз әл-Насермен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы съезге қатысқаны үшін Насир Абдуләзиз әл-Насерге ризашылық білдіріп, Өркениеттер альянсы Қазақстанның осы бастамасына тұрақты қолдау көрсетіп келе жатқанын атап өтті.

"Қазақстан көпконфессиялы мемлекет ретінде конфессияаралық диалогты дамыту ісіне өз үлесін қосып келеді. Бұл Өзіңіз өкілдік ететін ұйымның мақсаттарына сай келеді", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Өркениеттер альянсының Жоғары өкілі форумға қатысуға мүмкіндік берілгені үшін Мемлекет басшысына алғыс айтып, әлемде мәдениеттер арасындағы өзара түсіністікті дамытуда Қазақстанның рөлі айрықша екенін атап өтті.

"Мен Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезіне үшінші рет қатысып отырмын. Бұған дейін мен ешқашан осыншама түрлі дін өкілдерімен кездескен емеспін. Өркениетаралық диалогты дамыту жолындағы елдеріңіздің күш-жігерін жоғары бағалаймын", - деді Насир Абдуләзиз әл-Насер.

Кездесу барысында Қазақстан Президенті халықтар арасындағы бейбітшілікті, достық пен ынтымақтастықты нығайтуға және қоғамдағы өзара келісімді сақтауға қосқан үлесі үшін Насир Абдуләзиз әл-Насерді ІІ дәрежелі "Достық" орденімен марапаттады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети