Назарбаев немерелерінің өздері таңдаған кәсіби жолмен жүргенін дұрыс деп есептейді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Назарбаев немерелерінің өздері таңдаған кәсіби жолмен жүргенін дұрыс деп есептейді © aktau-business.com

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев немерелерінің таңдаған және кәсіби жолымен жүрулері тиіс деп есептейді. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Facebook желісінде орыс тілінде жүргізілетін AkordaPress парақшасында айтып берді.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев немерелерінің таңдаған және кәсіби жолымен жүрулері тиіс деп есептейді. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Facebook желісінде орыс тілінде жүргізілетін AkordaPress парақшасында айтып берді.

Президенттің баспасөз хатшысы Дәурен Абаев Tengrinews.kz тілшісінің "Нұрсұлтан Назарбаев немересі Айсұлтан Назарбаевтың ҚФФ президенті болуға қалай қарайды? Жалпы ол өз немерелерінің саясатпен айналысуға қызығушылығын байқай ма?" деген сұрағына жауап берді. 

"Мемлекет басшысы өз немерелерінің өздері таңдаған кәсіби жолмен жүргені дұрыс деген пікірде. Әрине, ол немерелерінің әрбір жетістігіне қуанады, алайда немерелерінің мансап жолындағы қалыптасу кезеңдерін сырттай бақылағысы келеді", - деді Абаев.

Сонымен қатар, ол Футбол федерациясының қоғамдық ұйым әрі өз шешімін жасауда тәуелді емес екенін атап өтті. "Және елдің футбол қоғамдастығынан басқа біреулер оның тағдырын шеше алмайды", - деп қорытындылады ол.  

Еске салайық, Айсұлтан Назарбаев Қазақстанда футболды дамытудың бағдарламасын дайындағанын мәлімдеген болатын. Ол ҚФФ президенті болып сайлануды жоспарлап отыр. Айсұлтан Назарбаевтың айтуынша, Ерлан Қожағапановтың "Астана" футбол клубының басшысы қызметін және ҚФФ президенті қызметін мүдделер қайшылығы деп атаған еді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети