Назарбаев: "Нұр Отан" партиясының беделі мінсіз болуы керек

ПОДЕЛИТЬСЯ

Назарбаев: "Нұр Отан" партиясының беделі мінсіз болуы керек Нұрсұлтан Назарбаев "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбекпен кездесті. ©Аkorda.kz

Нұрсұлтан Назарбаев "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбекпен кездесті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрсұлтан Назарбаев "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбекпен кездесті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Кездесу барысында Бауыржан Байбек Мемлекет басшысына партияның 2014 жылдың алғашқы жартысындағы қызметінің нәтижесі және "Қазақстан-2050" Стратегиясын түсіндіру мен іске асыру жұмыстары туралы баяндады. Нұрсұлтан Назарбаев "Нұр Отан" партиясының елдегі негізгі қоғамдық күш екенін, оның бір бағыты халыққа мемлекеттік саясатты жеткізу екенін атап өтті.

"Аймақтарда жұмыс істейтін партиялықтар халыққа атқарылған істерді жеткізуі керек, сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру барысын бақылауы тиіс. Партияның беделін биік деңгейде ұстау қажет, ал оның абыройы мінсіз болуы керек", - деді Президент.

Назарбаев мемлекеттік бағдарламалардың, әсіресе, индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының тиімді іске асырылуының маңызын баса айтты. "Шетелдік инвесторлар кеңесінің жуырда өткен отырысы кәсіпкерлердің жоғары қызығушылығын аңғартты. Мен елдегі бизнес-климатты жетілдіру жөнінде жаңа міндеттерді жария еттім. Шағын және орта кәсіпкерлікті барлық жерде қолдап, халықтың бизнес-жобаларды жасауына, несиелендіру көзін табуына, салықтық және басқа да артықшылықтар туралы білуіне көмектесу қажет. Шағын және орта кәсіпорындардың дамуы көптеген жұмыс орнының ашылуын қамтамасыз етеді және партия осы мәселені өз қолына алуы тиіс", - деді Елбасы.

"Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары өз кезегінде халықпен кері байланысты қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстардың жолға қойылғанын айтты. "Өткен жылдың қорытындысы бойынша партияның қоғамдық қабылдауларына 800 мың адам келді. 39 мың өтініш мемлекеттік органдардың қарауына жолданды. Партиялық бақылауды, орталық және жергілікті атқарушы органдармен өзара әрекет етуді нығайту жөнінде жұмыс жүргізілді. Бұған қоса, Сіздің тапсырмаңызға сай, мүмкіндігі шектеулі азаматтармен жұмыс қолға алынды. Соңғы алты айда бұл санатқа жататын 4000-нан астам адам жұмысқа орналастырылды", - деді Байбек.

Бауыржан Байбек Үкімет қызметі нәтижелерін түсіндіру және еуразиялық экономикалық ықпалдастық шеңберіндегі жұмыстар жөнінде де хабардар етті. Мемлекет басшысы "Қазақстан-2050" Стратегиясын іске асыру жөніндегі жұмыстарды күшейту және партияның өзін-өзі жетілдіруін қамтамасыз ету бойынша нақты тапсырмалар берді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети