ПОДЕЛИТЬСЯ
18 қазан 2019 | 15:14
Назарбаев Nur Otan партиясы депутаттары жайлы: Өз пікірлерін білдірмеді
Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan партиясының Мәжіліс пен мәслихаттағы жұмысына баға берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Elbasy.kz сайтына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan партиясының Мәжіліс пен мәслихаттағы жұмысына баға берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Elbasy.kz сайтына сілтеме жасап.
Бүгін Нұр-Сұлтанда Елбасының төрағалығымен және үкімет мүшелерінің, Nur Otan партиясы өкілдерінің қатысуымен отырыс өтті.
"Зерттеу нәтижесі Nur Otan партиясы депутаттарының бұқаралық ақпарат құралдарын жеткілікті қолданбайтынын көрсетті. Сондай-ақ, Nur Otan партиясы халықты мазалайтын мәселелерге аса араласа бермейді. Соңғы бірнеше айда партия мүшелері атышулы бірде-бір жағдайға қатысты өз пікірін білдірмеді", - деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.
Бұдан бөлек, Елбасы жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуді тапсырды. Сонымен қатар, Назарбаев Nur Otan партиясына саяси белсенділікті сақтау маңызды екенін айтып өтті.
Показать комментарии
Читайте также