Назарбаев Nur Otan партиясы депутаттары жайлы: Өз пікірлерін білдірмеді

18 Қазан, 15:14
0
Назарбаев Nur Otan партиясы депутаттары жайлы: Өз пікірлерін білдірмеді - © elbasy.kz
© elbasy.kz

Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan партиясының Мәжіліс пен мәслихаттағы жұмысына баға берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Elbasy.kz сайтына сілтеме жасап.

Бүгін Нұр-Сұлтанда Елбасының төрағалығымен және үкімет мүшелерінің, Nur Otan партиясы өкілдерінің қатысуымен отырыс өтті.

"Зерттеу нәтижесі Nur Otan партиясы депутаттарының бұқаралық ақпарат құралдарын жеткілікті қолданбайтынын көрсетті. Сондай-ақ, Nur Otan партиясы халықты мазалайтын мәселелерге аса араласа бермейді. Соңғы бірнеше айда партия мүшелері атышулы бірде-бір жағдайға қатысты өз пікірін білдірмеді", - деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.

Бұдан бөлек, Елбасы жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуді тапсырды. Сонымен қатар, Назарбаев Nur Otan партиясына саяси белсенділікті сақтау маңызды екенін айтып өтті.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай