Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.32
EUR / KZT - 392.58
CNY / KZT - 50.02
RUB / KZT - 5.64

Назарбаев "Нұр Отаннан" Мәжіліс депутаттығына ұсынылғандардың тізімінде жастардың көп болуын түсіндірді

29 Қаңтар 2016, 15:10
2
© Тұрар Қазанғапов
© Тұрар Қазанғапов

Нұрсұлтан Назарбаев "Нұр Отан" партиясының атынан Мәжіліс депутаттығына кандидаттардың басым бөлігінің жастар болуын түсіндірді. Бұл туралы ол "Нұр Отан" партиясының атынан ҚР Парламент Мәжілісі депутаттығына кандидаттардың тізімін жариялағаннан кейін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мәжіліс депутаттығына кандидатурасы ұсынылған партия мүшелеріне осы сайлауда сәттілік тілеймін. Сайлауды әлемнің түкпір-тікпірінен бақылайды, сондықтан да бұл сайлау ашық, әділ өту тиіс", - деді Назарбаев тізімді жариялағаннан кейін.

"Мен сіздердің аттарыңыздан Мәжілістің алдыңғы депутаттарына алғыс айтқым келеді. Тізімнен депутаттардың 60 пайызының өзгергенін көруге болады. Оның түрлі себебі бар: зейнеткерлік жасына жету, жас кандидаттарды таңдау. Заңды жасай білетін заңгерлер керек, Қазақстанның қазіргі экономикалық жағдайын білетін экономистер керек, сонымен қатар, әлеуметтік саладағы мәселелерді білетін де адамдар керек", - деді Мемлекет басшысы.

Елбасы "Нұр Отан" партиясы атынан депутаттыққа кандидаттар тізіміне енбегендерге де алғыс білдірді. "Адамдарды не үшін ауыстырғанымызды түсіндіру керекпіз. Бұл алдыңғы депутаттардың жаман болғанынан емес. Өмір өтіп жатыр, барлығы өзгереді. Оларға алғыс айтамын. (...) Зейнет жасына келген мемлекеттік қызметкерлердің кетуі туралы заң шықты, жастарға орын беру керек", - деді Назарбаев.

Айта кетейік, ҚР Парламент Мәжілісі депутаттығына кандидаттар тізіміне 127 адам кірді.


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (2)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай