Назарбаев "Нұрлы жол" бағдарламасын бекітті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Назарбаев "Нұрлы жол" бағдарламасын бекітті ©Тұрар Қазанғапов

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2015 - 2019 жылдарға арналған "Нұрлы жол" мемлекеттік инфрақұрылымдық даму бағдарламасын бекітті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Президенттің сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2015 - 2019 жылдарға арналған "Нұрлы жол" мемлекеттік инфрақұрылымдық даму бағдарламасын бекітті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Президенттің сайтына сілтеме жасап.

Үкіметке бір айлық мерзімде іс-шараның жоспарын жасап, бекітуге тапсырма берілді. Ал орталық және жергілікті, сонымен қатар мемлекеттік органдарға, Президенттің бағынушылары мен есептілеріне мемлекеттік бағдарламаны іске асыру бойынша шаралар қолдану тапсырылды.

"Нұрлы жол" бағдарламасының басты тапсырмалары: "шуақты" принципі бойынша тиімді транспорттық-логистикалық инфрақұрылымды жасау; туристік және индустриялық инфрақұрылымдарды дамыту; бірыңғай электроэнергетикалық жүйенің дамуы аясында энергетикалық инфрақұрылымды қуатты ету; тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және жылумен, сумен қамтамасыз ету инфрақұрылымдарын модернизациялау; азаматтардың тұрғын үйге қолжетімділігі деңгейін көтеру; білім беру саласындағы инфрақұрылымды дамыту.

Қазіргі экономикалық ситуацияны есепке ала отырып, бағдарламада экспорттаушыларды, агроөнеркәсіп кешенін, өңдеу өнеркәсібі салаларындағы жеке секторларды, сонымен қатар, ішкі нарықты қорғау және геологбарлауды активизациялау бойынша қолдаудың антидағдарыс шаралары қарастырылған.

Бағдарламаның іске асырылуы 2020 жылы мына жетістіктерге қол жеткізуге мүмкіндік береді: 2014 жылға жалпы ішкі өніммен қамтамасыз ету - 15,7 пайызға жеткізу; 395,5 мың жұмыс орнын ашу; Дүниежүзілік экономикалық форумның рейтингінде "негізгі инфрақұрылымның сапасы" көрсеткішінде 57-орынға дейін көтерілу.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети