Назарбаев облыс әкімдерін қабылдады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Назарбаев облыс әкімдерін қабылдады Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгіновпен кездесу © Akorda.kz

Қазақстан Президенті Ақордада бірнеше облыс әкімін қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Президенті Ақордада бірнеше облыс әкімін қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Нұрсұлтан Назарбаев Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгінов, Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов, Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков пен Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Бейбіт Атамқұловпен кездесті.

Облыс әкімдері Мемлекет басшысына облыстағы әлеуметтік-экономикалық дамудың көрсеткішін, сондай-ақ, облыстағы ауыл шаруашылығы мәселесі мен тұрғындарды еңбекпен қамтудың қаңдай деңгейде жүргізіліп жатқанын айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев облыс әкімдеріне облыста инвестицияны дамытуға, орта және шағын бизнесті қолдауға бағытталған шараларды жүзеге асыруды тапсырды.

Қазақстан Президенті кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.

Айта кетейік, бүгін, 9 қыркүйекте Ақордада Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен үкіметтің кеңейтілген отырысы өтті.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети