Назарбаев офшорға салық енгізуді ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Назарбаев офшорға салық енгізуді ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Астана экономикалық форумында Қазақстан Президенті БҰҰ қамқорлығымен адам капиталының дамуы қорын құруды ұсынды, оның басты міндеті кедей елдердегі білім беру мен денсаулық сақтаудың сапасын жақсарту болады.
"ЮНЕСКО-ның мәліметтері бойынша, кедей елдердегі жалпыға бірдей базалық білім беруді қамтамасыз ету үшін жылына шамамен 50 млрд доллар қажет. Бұл проблеманы тек халықаралық қоғамдастықтың бірлескен күш-жігерлері арқылы ғана шешуге болады", - деді Мемлекет басшысы.
Ол экономикалық өсімнің регенерациялануы үшін, спекулятив қаржы құралдарын өткізбеуі керек, я болмаса ол офшор аймақтарында қалмауы керек, оның орнына табыстар білім беру, денсаулық сақтау және инфрақұрылымның дамуына қайта қаржыландырылуы үшін жағдай жасау керек.
"Бүгінде сарапшылардың бағалауы бойынша оффшорлық есепшоттарда 30-дан 40 триллион долларға дейін сақтаулы жатыр. Осы активтерге тіпті бір пайыздық жаһандық салық енгізу дамушы елдердегі білім беру мен денсаулық сақтау саласын жаңа сапалы деңгейге көтеруге мүмкіндік берер еді. Осы салықтан түсетін қаражатты жоғарыда аталған Адами капиталды дамыту қорына бағыттауға болады. Халықаралық валюта қоры мен Дүниежүзілік банк жаһандық экономиканы оффшорсыздандыру жөнінде тиімді шаралар ұсынуға тиіс деп есептеймін", - деді Қазақстан Президенті.