01 мамыр 2017 09:34

Назарбаев отандастарын Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрсұлтан Назарбаев. Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.


Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Сіздерді 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Бұл күні біз баға жетпес байлығымызды - туған ел игілігі жолындағы ырысты ынтымағымызды дәріптейміз. Біздің барлық жетістіктеріміз бен жеңістеріміздің мызғымас тұғыры - татулық пен тұтастық. Түрлі ұлт өкілдері бір шаңырақтың, бір тудың астынан табылып, бүгінгідей еңселі ел, іргелі мемлекет атандық", - делінген құттықтауда.

Сондай-ақ, түсіністік пен тұрақтылықтың әрбір азамат атсалысып, әркімнің үлес қосуын талап ететін қастерлі құндылық екені айтылады.. Осынау ақиқатты қалтқысыз ұғыну Отанымыз – Қазақстан Республикасында ұдайы бейбітшілік пен берекенің салтанат құруына септігін тигізеді.

"Қоғамымызда қазіргі кезде қолға алынып жатқан жүйелі жаңғыру үрдістері бірлігіміздің нығая түсуіне ықпал етіп, жаңа белестерді бағындыруымызға жол ашады деп сенемін. Баршаңызға зор денсаулық, еңбектеріңізге табыс, әр шаңыраққа шаттық пен бақ-береке тілеймін!", - делінген құттықтауда.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети