Назарбаев Өзбекстан Президентінің міндетін уақытша атқарушы Шавкат Мирзиеевпен кездесті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Назарбаев Өзбекстан Президентінің міндетін уақытша атқарушы Шавкат Мирзиеевпен кездесті © akorda.kz

Самарқандта Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан Республикасы Президентінің міндетін уақытша атқарушы Шавкат Мирзиеевпен кездесті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Самарқандта Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан Республикасы Президентінің міндетін уақытша атқарушы Шавкат Мирзиеевпен кездесті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Кездесу барысында Қазақстан Президенті тағы да Ислам Каримовтің  өзбек мемлекетін, елдеріміздің арасындағы өзара қарым-қатынасты дамытуға қосқан бірегей үлесін атап өтті.

"Тарихымыз, дініміз, мәдениетіміз бір болғандықтан, оның бүкіл қайраткерлігі біздің халықтарымыз арасындағы достықты нығайта түсуге қызмет етті. Осы құндылықтарды сақтай білу өте маңызды. Екіжақты кездесулер барысында да, халықаралық ұйымдар жұмысы  аясында да біз кез келген мәселеге қатысты өзара тиімді шешім таба білдік. Бауырластық байланысымызды бұдан әрі де нығайта беру керек", - деді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев пен Шавкат Мирзиеев екіжақты қарым-қатынастың мейлінше өзекті мәселелері, өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі негізгі тақырыптар жөнінде пікір алмасты.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети