Назарбаев Өзбекстан Президентінің міндетін уақытша атқарушы Шавкат Мирзиеевпен телефон арқылы сөйлесті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Назарбаев Өзбекстан Президентінің міндетін уақытша атқарушы Шавкат Мирзиеевпен телефон арқылы сөйлесті

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Назарбаев Өзбекстан Президентінің міндетін уақытша атқарушы Шавкат Мирзиеевпен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Өзбекстан президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшылары екі ел арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық, көлік және коммуникация, мәдени-гуманитарлық және басқа да салаларға қатысты өзекті сұрақтарды талқылады.

Екі тарап та Өзбекстан мен Қазақстанның жұмыс сапары аясында жеткен маңызды келісімшарттарды жоғары бағалады.

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев пен Шавкат Мирзиеев екіжақты қарым-қатынастың мейлінше өзекті мәселелері, өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі негізгі тақырыптар жөнінде пікір алмасты.

Айта кетейік, осыған дейін Назарбаев Өзбекстан Президентінің міндетін уақытша атқарушы Шавкат Мирзиеевпен кездескен болатын. Кездесу барысында Қазақстан Президенті тағы да Ислам Каримовтің  өзбек мемлекетін, елдеріміздің арасындағы өзара қарым-қатынасты дамытуға қосқан бірегей үлесін атап өтті. "Тарихымыз, дініміз, мәдениетіміз бір болғандықтан, оның бүкіл қайраткерлігі біздің халықтарымыз арасындағы достықты нығайта түсуге қызмет етті. Осы құндылықтарды сақтай білу өте маңызды. Екіжақты кездесулер барысында да, халықаралық ұйымдар жұмысы  аясында да біз кез келген мәселеге қатысты өзара тиімді шешім таба білдік. Бауырластық байланысымызды бұдан әрі де нығайта беру керек", - деген еді Мемлекет басшысы.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети