Назарбаев Павлодар облысына жұмыс сапарымен барды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Назарбаев Павлодар облысына жұмыс сапарымен барды ©Тengrinews.kz

Нұрсұлтан Назарбаев Павлодар облысына жұмыс сапарымен барды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрсұлтан Назарбаев Павлодар облысына жұмыс сапарымен барды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Сапар барысында Мемлекет басшысының бірқатар нысандарда болуы, сондай-ақ оның өңір жұртшылығы өкілдерімен және кәсіпкерлермен кездесу өткізуі жоспарланған", - делінген Президент Әкімшілігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Еске салайық, бүгін, 6 тамыз күні Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізген болатын. Онда Мемлекет басшысы Үкіметтің қайта құрылатынын мәлімдеді. Сөйтіп, 17 министрлік, тоғыз агенттік, 54 комитет пен 272 департаменттің орнына 12 министрлік пен 30-ға жуық комитет құрылды.

Үкіметтің кеңейтілген отырысынан соң Мемлекет басшысы аймақ басшыларымен кеңес өткізді. Президент аймақтық деңгейде шешілуі тиіс өзекті тапсырмаларды айқындап, егін орағы мен жылыту маусымына жан-жақты дайындалуды тапсырды. Ол Сенат сайлауын тиісті деңгейде ұйымдастыруды да міндеттеді.

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети