Назарбаев пен Абу-Дабидің тақ мұрагері бір-бірін құттықтады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Назарбаев пен Абу-Дабидің тақ мұрагері бір-бірін құттықтады

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Абу-Дабидің тақ мұрагері, Біріккен Араб Әмірліктерінің Қарулы Күштері Жоғарғы Бас қолбасшысының орынбасары шейх Мұхаммед бен Заид Әл Наһаянмен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Elbasy.kz сайтына сілтеме жасап.

Тараптар бірін-бірі күллі ислам әлемінде кеңінен мерекеленетін Ораза айт мейрамымен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.

Нұрсұлтан Назарбаев пен шейх Мұхаммед бен Заид Әл Наһаян коронавирс эпидемиясына қарсы күреске бағытталған екі ел Үкіметінің шараларын қолдады және пандемияны еңсеру үшін жаһандық деңгейде іс-шаралар қабылдаудың қажеттілігін атап өтті.

Әңгіме соңында тараптар Қазақстан мен БАӘ арасында саяси, сауда-инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салаларда ынтымақтастықты күшейту үшін преспектива мен әлеуеттің зор екендігін атап өтті.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети