Назарбаев пен Кучма Украинадағы ахуалды талқылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Назарбаев пен Кучма Украинадағы ахуалды талқылады Леонид Кучма. ©РИА Новости

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Украинаның экс-басшысы Леонид Кучманың кездесуінде Украинадағы жағдай талқыланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Ақордаға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Украинаның экс-басшысы Леонид Кучманың кездесуінде Украинадағы жағдай талқыланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Назарбаев екі елдің арасындағы ежелден қалыптасқан достық қарым-қатынас өзара тиімді серіктестік негізінде дамығанын атап өтті. Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның Украинаға гуманитарлық көмек көрсету мүмкіндігін қарастырып жатқанын айтты.

Өз кезегінде Кучма Қазақстан мен Украинаның түрлі салалардағы қарым-қатынастарын бұдан әрі дамытудың маңыздылығын айта отырып, екі елдің арасындағы өзара іс-қимылдың жаңа деңгейге шығатынына сенім білдірді. 

Айта кетейік, бұған дейін Нұрсұлтан Назарбаев Украинадағы жағдайға байланысты Қазақстанның елдің оңтүстік-шығыс бөлігіне гуманитарлық көмек көрсетуге дайын екенін мәлімдеген болатын. Ол үшін Қызыл крестті пайдалану ойластырылған.

Еске сала кетсек, Украинадағы жағдайға Германия әскерінің араласуы мүмкін болып отыр. Еуропалық елдің үкіметі ЕҚЫҰ қызметкерлерін қорғау мақсатында қақтығыс аймағына әскер жіберуді қарастырып отыр. Неміс БАҚ-тарының дерегіне сүйенсек, бұл елге 200 қарулы десант жіберу жоспарланған, олар қазір Төменгі Саксонияда дайындықтан өтіп жатыр. Оның 150 десанты қақтығыс аймағын бақылауда ұстауға жіберілсе, қалған 50 әскер ЕҚЫҰ өкілдерін күзетуге бөлінеді.

  

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети