Назарбаев пен Лукашенко Минскіде өткен кездесуді талқылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Назарбаев пен Лукашенко Минскіде өткен кездесуді талқылады Нұрсұлтан Назарбаев. ©Tengrinews.kz

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Минскіде Беларусь Республикасының президенті Александр Лукашенкомен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Минскіде Беларусь Республикасының президенті Александр Лукашенкомен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың сайтына сілтеме жасап.

"Әңгіме барысында Кеден одағы елдері көшбасшылары,Украина және Еуропалық одақ өкілдері кездесуінің қорытындылары талқыланды. Екі елдің басшылары осы кездесудің қорытындысы бойынша қол жеткен уағдаластықтар Украинадағы ахуалды жақсартуға оң ықпалын тигізетіндігіне сенім білдірді", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев пен Александр Лукашенко сауда-экономикалық, индустриялық-инновациялық және агроөнеркәсіптік салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын қарастырды. Сондай-ақ интеграциялық құрылымдар аясындағы өзара ықпалдастық мәселелері мен халықаралық күн тәртібінің өзекті жайттары да қозғалды.

Еске сала кетейік, кеше Минскіде "еуразиялық үштік" жетекшілері мен Еуроодақ өкілдерінің және Украина президенті Петр Порошенконың кездесуі өтті. Назарбаев кездесуде Украинаға гуманитарлық көмек көрсетуге дайын екенін мәлімдеп, елде бітімгершілік жариялауға шақырды.

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети