Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Германия канцлері Ангела Меркельмен екіжақты экономикалық қарым-қатынасты жандандыру мәселелерін, сондай-ақ Украинаның шығысындағы ахуалды Украина, Ресей, Германия және Франция басшыларының таяуда Астанада өтуі ықтимал кездесуі аясында реттеу шараларын талқылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Екі мемлекеттің көшбасшылары Минск уағдаластығын тараптардың мүлтіксіз жүзеге асыруы қажеттігін, мұның тезірек бейбіт реттеуге және сенімді нығайтуға септігін тигізетінін атап айтты.
"Тараптар екі ел арасында белсенді әрі сындарлы саяси диалог орнағанына тоқталды, сондай-ақ 2012 жылы ақпанда қол қойылған Қазақстан мен Германияның Шикізат, өнеркәсіп және технология салаларындағы серіктестік туралы үкіметаралық келісімін нақты іске асырудың маңыздылығын атап өтті", - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, инновациялық-инвестициялық ынтымақтастық аясын кеңейтудің бірқатар аспектілері және Астанада өтетін халықаралық EXPO-2017 көрмесіне дайындық барысы қарастырылды.
Сонымен бірге, Ақорда Назарбаевтың Ресей президенті Владимир Путинмен Украинада қалыптасқан жағдайды телефон арқылы талқылап, оны бейбіт реттеу үшін барлық мүдделі тараптардың күш-жігерін біріктірудің маңыздылығын атап өткенін хабарлады.
Еске сала кетейік, бұған дейін Украина президенті Петр Порошенко Украина жөніндегі биік деңгейдегі кездесу 15 қаңтар күні Астанада "норманд форматында" өтеді деп мәлімдеген болатын. Қазақстан Украина төңірегіндегі ахуал жөнінде келіссөздер жүргізу алаңын ұсынуға дайын екенін мақұлдады.