25 наурыз 2014 | 18:08

Назарбаев пен Обама екіжақты ынтымақтастықты талқылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ Президенті Барак Обамамен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР Президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Кездесу барысында мемлекет көшбасшылары екіжақты сауда-экономикалық қарым-қатынастарды одан әрі нығайту және дамыту мәселелерін талқылады. "Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанда америкалық бизнеспен бірлескен 300-дей кәсіпорын өз қызметін жүзеге асырып отырғанын, бұл сауда-экономикалық саладағы қарқынды ынтымақтастықты көрсететінін атап өтті. Қазақстан Президенті мәлімдегендей, АҚШ – еліміздің экономикасының ірі инвесторының бірі", - делінген хабарламада. Мемлекет басшысы еліміздің Америка компанияларының индустриялық-инновациялық даму бағдарламасына белсене атсалысуына мүдделі екенін айтты. Бұған қоса, келіссөздер кезінде Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру тақырыбы да қарастырылды және халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелері талқыланды. "АҚШ Президенті Қазақстанның ядролық қарусыздану ісіне зор үлес қосқанын, еліміздің бұл салада барлық мемлекеттерге үлгі болып отырғанын атап көрсетті. Сонымен қатар, Барак Обама Қазақстанның Ауғанстандағы жағдайды тұрақтандыру үшін көрсеткен көмегіне алғысын білдірді", - делінген Президенттің баспасөз қызметінің хабарламасында. Қазақстан мен АҚШ Президенттері Ядролық қауіпсіздікті нығайту мен таратпау саласындағы ынтымақтастық туралы бірлескен мәлімдеме жасады. Онда екі мемлекеттің Қауіпті бірлесе азайту жөніндегі бағдарламаны сәтті іске асырып жатқаны және бұрынғы Семей сынақ полигонында қауіпсіздікті нығайтуды бірлесе жалғастыратыны айтылған. Сондай-ақ, Қазақстан мен АҚШ-тың ядролық және радиоактивті материалдардың заңсыз айналымының жолын кесуге бірлесе күш салуды нығайту жөнінде әріптестікті жалғастыратыны аталып өткен. Мәлімдемеге сәйкес, екі ел ядролық қауіпсіздік жөнінде саммиттер өткізуді маңызды санайды.

Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети