Нұрсұлтан Назарбаев Ресей президенті Владимир Путинмен телефон әңгімесі барысында екіжақты ынтымақтастық пен Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі өзара әрекет мәселелерін талқылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ресей экономикасындағы уақытша қиындықтарға байланысты мемлекет басшылары өзара тиімді сауда мәселелерін талқылады. Екі елдің үкіметтеріне екі жаққа да бірдей тиімді шешімдер жасау тапсырылды.
Владимир Путин Назарбаевқа Германия және Франция басшыларымен 6 ақпан күні Мәскеуде жүргізілген келіссөздердің және 8 ақпан күні "норманд форматында" жүргізілген телефон келіссөздерінің қорытындылары туралы ақпарат берді.
Нұрсұлтан Назарбаев 11 ақпанда Минскіде өткізу жоспарланған төртжақты келіссөздердің Украинадағы жанжалды реттеу жолдарын іздеуде ымыраға келуге мүмкіндік беретініне сенім білдірді.