03 қыркүйек 2014 | 10:10

Назарбаев пен Путиннің арасына от салып жатқан кім?

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Алаш айнасы иллюстрациясы ©Алаш айнасы иллюстрациясы

Соңғы күндері Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Еуразиялық экономикалық одақтан шығып кетуге қатысты сөзін сан-саққа жүгіртіп, тіпті мұны Украина мәселесімен байланыстырып жатқандар көбейді. Ресейдің бұқаралық ақпарат құралдары мұндай әңгімені Путиннің «қазақ жерінде мемлекеттілік ешқашан болмаған» деген сөзіне «ескерту» ретінде жасалды деп жарыса жазып жатыр. Әйтсе де Қазақстан мен Ресей президенттерін осылайша «айтыстырып» қоюдың астарында не бар? «Алаш айнасы» осы мәселе төңірегінде ой жүгіртіп көрген еді.


Иконка комментария блок соц сети

Соңғы күндері Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Еуразиялық экономикалық одақтан шығып кетуге қатысты сөзін сан-саққа жүгіртіп, тіпті мұны Украина мәселесімен байланыстырып жатқандар көбейді. Ресейдің бұқаралық ақпарат құралдары мұндай әңгімені Путиннің «қазақ жерінде мемлекеттілік ешқашан болмаған» деген сөзіне «ескерту» ретінде жасалды деп жарыса жазып жатыр. Әйтсе де Қазақстан мен Ресей президенттерін осылайша «айтыстырып» қоюдың астарында не бар? «Алаш айнасы» осы мәселе төңірегінде ой жүгіртіп көрген еді.

Кедендік одақ құрылғанда қоғам ішінде «Қазақстанның дербестігіне қауіп төнбей ме?» деген сауалдың төтеден туындағаны рас. Бұл - қоғамда орын алуы тиіс дұрыс құбылыс. Десе де, Еуразия кеңістігіндегі экономикалық интеграция мәселесінде көптеген сарапшылар аталған ұйымның саяси мақсатта емес, тек экономикалық сипатта ғана құрылып жатқанын түсіндірген. Президент Назарбаев та Кедендік одаққа негізделген Еуразиялық одақтың таза экономикалық ұйым болатынын, оның ел егемендігіне еш нұқсан келтірмейтінін талай рет айтқан. Қазақстанның тәуелсіздігіне нұқсан келтіретін ұйымнан сол сәттен-ақ бас тартатынын да Президент мәлімдеген. Кейіннен сарапшылардың басым бөлігі жаппай жаңа ұйымның тиімді жағын халыққа жеткізуге тырысты. Ал ел мүддесіне қайшы келетін жағдайлар болса, кез келген мемлекет ұйым құрамынан шыға алатыны да айтылды. Соңғы рет Ұлытау төрінде өткен сұхбатта Мемлекет басшысы бұл мәселені тағы бір мәрте еске салған. Өз сөзінде Назарбаев ұйым ішіндегі барлық шешімдер тең дәрежеде қабылданатынын көлденең тартып: «Қазақстанның ол экономикалық одақтан шығып кетуге құқы бар. Мен бір рет айттым, тағы қайталап айтам, тәуелсіздікке нұқсан келтіретін болса, ондай ұйымдарда Қазақстан ешуақытта болмайды. Біздің ең жоғары бағалайтын байлығымыз – Тәуелсіздік. Ата-бабамыздың қанымен, терімен келген тәуелсіздікті біз ешкімге бере алмаймыз. Оны қасық қанымыз қалғанша қорғауымыз керек. Сондықтан бұл жөнінен ешқандай күдік болмасын», – деп мәлімдеген.

Енді, мінеки, өткен демалыс күндері Ресейдің бірқатар бұқаралық ақпарат құралдары Қазақстан Президентінің бұл мәлімдемесін мүлдем басқа мағынада жеткізуге талпынып отыр демеске лаж жоқ. Мәселе мынада, Путин жалпыресейлік жастар форумына қатысқан кезде Анна Сазонова деген студент қыз оған былай деп сұрақ қойды: «Бүгінде Украинадағы ұлтшылдықтың өсіп жатқаны туралы әңгіме басылар емес. Алайда Қазақстанда да, нақты айтсақ, елдің оңтүстігіндегі ұлтшылдықтың көбеюі қатты алаңдатады. Біздіңше, қазіргі Президент Назарбаев мырза соған тосқауыл болып отыр. Сұрақ: Егер Назарбаев мырза президент қызметінен кетсе, сол жердегі жағдайдың Украина сценарий бойынша жалғасатынын күтуге бола ма? Осы бағытта жұмыс істеудің нақты стратегиясы бар ма? Бізде ұсыныстар бар. Қосылуға дайынбыз. Жалпы, еуразиялық интеграцияның болашағы қандай?». Студент қызға жауап бергенде Ресей президенті алдымен ғаламтордағы пікірталастарға көп көңіл бөлмеуге кеңес беріп өтті. Сосын Қазақстанның басты стратегиялық әріптес екенін жеткізіп, Назарбаевтың көрегендігін, сауатты саясатын ерекше атап өтті. Дәл осы жерде Путин Елбасының жеке қасиеттеріне тоқталып: «Ол ешуақытта мемлекет болмаған жерде мемлекет құрды. Қазақтарда мемлекеттілік болмаған. Осы жағынан алғанда Назарбаев - бірегей тұлға», – деп қойып қалғаны бар ма. Оның осы сөзі ғаламторда қызу пікірталас туғызды. Халық Путиннің айтқан сөзін талқыға салса, сараптың сорпасын сапыратын саясаткерлер оның айтпай, бүгіп қалған бір мәселесін қазбалай бастағандай. Расында да, бұл солай ма еді?

Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар...

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.58   523.88   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети