24 тамыз 2015 | 17:00

Назарбаев пен Си Цзиньпин ұлттық валюталардың құнсыздануын талқылайды - Президент баспасөз хатшысы

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Ақорда баспасөз қызметі © Ақорда баспасөз қызметі

Нұрсұлтан Назарбаев Қытайға Си Цзиньпинмен бірге әлемдік экономикадағы күрделі жағдайды талқылау үшін барады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Президенттің баспасөз хатшысы Дәурен Абаевқа сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Нұрсұлтан Назарбаев Қытайға Си Цзиньпинмен бірге әлемдік экономикадағы күрделі жағдайды талқылау үшін барады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Президенттің баспасөз хатшысы Дәурен Абаевқа сілтеме жасап.

"31 тамызда Қазақстан Президенті арнайы шақыртумен Қытайдың Бейжің қаласына барады. Біз ҚХР төрағасы Си Цзиньпинмен кездесіп, Жеңістің 70 жылдығын тойлау мерекесіне қатысамыз. Мемлекет басшысы әлемдік экономикадағы дағдарыс қарсаңында екіжақты ынтымақтастықтың барлық бағытын талқылайды", - деді Абаев.

Ол сапар барысында индустрия, инвестиция, энергетика мен логистика саласында бірнеше келісімшартқа қол қойылатынын айтты.

"Мемлекет басшысы "Нұрлы жол" және "Жаңа Жібек жолы" бойынша тауар айналымын арттыру мәселесін де қарастырады. Сапар барысында Нұрсұлтан Назарбаев Қытай Мемлекеттік кеңесінің премьері Ли Кэцянмен және Қытайдағы алып корпорациялардың бірінің иесімен кездеседі. Кездесулер аясында ортақ инвесторлық жобаларды қолға алу мәселесі талқыланады", - деді Президенттің баспасөз хатшысы.

Ол осы сапар Қазақстан мен Қытайдың арасындағы стратегиялық ынтымақтастықтың жаңа кезеңіне өтуіне мүмкіндік туғызатынына үміттенетінін айтты.

Абаев Назарбаевтың Қытайға мемлекеттік сапармен бара жатқанын, яғни мұның ең жоғары деңгейдегі сапар екенін баса айтты.

"Менің білуімше, Қытайға Жеңіс Күніне орай бара жатқан басшылардың ішінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа ғана мемлекеттік сапармен келу мәртебесі бұйырды", - деді Ақорда өкілі. Ол Елбасының қытайға сапары барысында басқа елдің басшыларымен де екіжақты кездесулер өткізетінін мәлімдеді.

"Нұрсұлтан Әбішұлы айтқандай, дағдарыс - бұл жаңа мүмкіндік, сондықтан да біз Қытайға жаңа мүмкіндіктерді пайдалану үшін бара жатырмыз", - деді баспасөз хатшысы.

 
Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети