Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Украина премьер-министрі Арсений Яценюкпен бірге Қазақстан мен Украина қарым-қатынастарының ахуалы мен болашағын және сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту жолдарын талқылады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Қазақстан Президенті екі елдің сауда-экономикалық ынтымақтастығының бұрынғы көрсеткіштерін қалпына келтіру үшін барлық мүмкіндіктер бар екеніне тоқталды. "ТМД –да қабылданған еркін сауда аймағы туралы келісімге сәйкес біз экономикалық байланыстарды дамытуға тиіспіз. Біздің елдеріміздің арасында жұмысына өзіңіз қатысатын үкіметаралық комиссия жұмыс істейтін болады. Ынтымақтастық жолдарын табуы үшін біздің бизнесмендеріміздің қатысуымен өтетін форум жоспарлануда", – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Мемлекет басшысы қазақстандықтардың Украинадағы жағдайға алаңдайтынын, тұрақтылықтың қалпына келетініне үміттенетінін айтты. "Қазақстанның ұлты украин 330 мың азаматы - біздің елдеріміздің арасындағы "тірі дәнекер". Біз Украинаның қалыптасқан ахуалдан шығып, бейбіт дами бастағанын қалаймыз", – деді Қазақстан Президенті.
Арсений Яценюк өз кезегінде Украина мен Қазақстанның арасында ежелден тығыз экономикалық және саяси қарым-қатынастар болғанына тоқталды. "Бізде өзара іс-қимылдың екі негізгі бағыты бар: сауда және энергетика. Біз осы тұста ілгерілей аламыз. Біздің екіжақты экономикалық ынтымақтастығымыз тек жақсара беруі тиістігіне сенімдімін. Егер біз тауар айналымын ұлғайтуға бағытталған дұрыс әрі айқын шешімдер қабылдайтын болсақ, онда ол елдерімізге пайда әкелетін болады", – деді Украина Премьер-министрі.